Жадынама

Сыбайлас жемқорлық фактілері және этика нормаларының бұзылуы туралы қалай хабарласуға болады
Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздер мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық және этиканы бұзу фактілері туралы төмендегідей хабарлай аласыздар.
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына call-centr 1424 нөмірі бойынша;
2. арыз жазып оны Ақтөбе қ., 030019 индексі, Әбілқайыр хан даңғылы 40 ғимарат поштасына жолдап және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Ақтөбе облысы бойынша департаменті» Маресьев к-сі 93 үй, 56-74-10 телефон нөмірлеріне;
3. арыз жазып оны «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ-нің мекен жайына; Ақтөбе қаласы , 030010 индексі, Әбілқайыр хан даңғылы 40, пошталық мекен жайға; «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ-нің
4. арыз жазып оны Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 517 кабинетіне барып жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағым жәшігіне салуыңыз қажет;
5. арызды «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ-нің zakupki_ab@mail.ru электрондық поштасына жолдауыңыз қажет;
6. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ-нің 54-05-92 сенім телефонына хабарлаңыз.
Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес, мынадай өтініштер қарауға жатпайтынын түсіндіреміз, олар:
1) иесi бүркемеленген өтiнiш, яғни мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.
Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс.
Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiш иесi бүркемеленген өтiнiш болып танылатынын атап өтеміз.