Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері И.А.Курочкинді құттықтады

Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері И.А.Курочкинді құттықтады
Биылғы жылы еліміз үшін елеулі оқиға тойланды — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы.
1991 жылғы 16 желтоқсанда«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Осы сәттен бастап, Президент Н.Ә.Назарбаевтың арқасында Қазақстан әлемдік қоғамдастықпен танылған тұңғыш рет өз заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесін алды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған және Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Александрович Курочкинді құттықтады.
Иван Александрович — өз ғасырындакөпті көргендердің бірі болып табылады. Тынық мұхит флотынының құрамында суасты қайықтарының 1-ші бригадасында гидроакустик болып қызмет еткен, «ІІ дәрежелі Отан соғысы»орденімен,«Жапонияны Жеңгені үшін»медалімен марапатталған. Бұдан бұрын мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеп, сол жерден полковник атағымен құрметті демалысқа шыққан.
Иван Александрович әңгіме барысында өзінің естеліктерімен бөлісіп, біздің республикамыз бұл жылдары алысқа алға аяқ басты деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы барлық Қазақстандықтар үшінұлы мереке. Мұның барлығы халықтың қажырлы еңбегінің, тұтастығының және бірлігініңарқасында. Ардагермен кездесу руханижәне өте жылы өтті.
Соңында Басқарма қызметкерлері ардагерге естелік сыйлықтарын беріп, ұзақ ғұмыр тіледі.