Пресс-релиз

Енгізілген өзгерістер бойынша негізгі жаңалықтар болып келесілер табылады: 1) тауарларды жеткізу, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердің актілерін ресімдеу тек электрондық форматта веб-портал арқылы; 2) шот-фактураларды ресімдеу тек электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы берілген электрондық форматта ресімдеу; 3) өнім берушімен электронды түрде веб-портал арқылы ресімделген жергілікті қамту үлесі туралы есепті міндетті түрде ұсыну.
Осыған байланысты, облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау және түсіндіру мақсатында, Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-мен бірге Ақтөбе қаласында 2017 жылдың 13-18 ақпан аралығында мемлекеттік сатып алу қатысушылары үшін оқыту семинарларын өткізіп жатыр. Барлығы 150 адам қатысады.
Айта кету керек, «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-і енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша бірыңғай оператор болып анықталған.
Лектор ретінде ҚР Қаржы Министрлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасы Департаментінің мемлекеттік сатып алу әдіснамасы Басқармасының басшысы Тәшенев Шыңғыс Саятұлы, сондай-ақ «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-ің бизнес-жаттықтырушысы Ильясова Рабиға Аргиновна шақырылды.
Сонымен қатар, аталған семинарда облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі Урынбаев Серік Шангереевич 2016 жылғы аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын және бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстарды айтып өтті.
Аталған семинар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде туындайтын барлық мәселелі сұрақтарды кеңінен қамтуға, сондай-ақ осы сала мамандарының біліктілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп есептейміз.