23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілер күні!

23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілер күні!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен барлық тұрғындар топтарының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізеді.
Халықтың әл-ауқатын жоғарылату үрдісінде мемлекеттік қызметшінің рөлі маңызды, өйткені олар мемлекеттік реформалардың бастаушысы болып табылады. Мемлекетпен жүзеге асырылатын шаралар азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.
Осыған орай, Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Осы жылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мейрамын жаңа форматта өткізу жоспарлануда.
Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі барлық бұқаратоптарын тартып бір қатар іс-шаралар өткізеді.
Мемлекеттік қызметшілерімен бірге әрбір қазақстандық азамат келесі іс-шараларға қатысу жолымен өз азаматтық ұстанымын көрсете алады:
- «Ең үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауында (мемлекеттік қызметшілер арасында);
- Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жариялау бойынша «Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» атты ең үздік жұмыс үшін ашық шығармашылық байқауында (БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында);
- «ҚР мемлекеттік қызметтің 100 бейнесі» фото байқауында (барлық ниет білдірушілердің арасында);
- Kyzmet Talk коммуникациялық аланыңда (барлық азаматтар арасында).