Мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпарат

2017 жылдың 1 жартыжылдықта өткізілген
мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпарат
2017 жылдың басында Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына 18 жобаны жүзеге асыруға Ұлттық қордан, республикалық және жергілікті бюджеттен 4 307 213,7 мың.теңге бөлінді. Соның ішінде, 18 жоба – мемлекеттік бағдарлама «Нұрлы Жол» аясында.
Оның ішінде:
7 жоба – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы;
- 10 жоба – сумен, жылумен қамту қайта құру құрылысы және су бұру;
1 жоба - транспорттық инфрақұрылым нысанының құрылысы.
2016 жылда өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпарат
2016 жылда облыс әкімдігімен анықталған Басқармамен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды тізбесі бойынша 17 жоба жалпы сомасы 12,1 млрд.теңгеге сатып алу процедуралары өткізілді. Соның ішінде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 9 жоба.
Оның ішінде:
4 жоба – білім нысандарының құрылысы;
6 жоба - автокөлік жолдарын жөндеу құрылысы;
4 жоба – инженерлік желілер құрылысы;
3 жоба – сумен қамту желілерін қайта құру
2015 жылда өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпарат
2015 жылда облыс әкімдігімен анықталған Басқармамен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды тізбесі бойынша «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарлама аясында 15 жоба жалпы сомасы 5,2 млрд.теңгеге мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізілді.
Оның ішінде:
3 жоба – білім нысандарының құрылысы;
12 жоба - жылумен қамту желілерін қайта құру, оның ішінде 3 жоба қазандық ғимараты.