Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі есеп

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарының орындалу туралы ақпарат
(2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша)
Р/с
Іс-шараның
атауы
Орындалу туралы мәлімет
1т.
Өзіндік өзгешеліктері мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған ішкі ведомствоішілік
іс-шаралар жоспарын қайта қарау
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқарма басшысының м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 22-ө бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.
2015 жылдың 25 тамызында жоғарыда көрсетілген іс-шаралар жоспарына өзгерістер еңгізілген.
Қәзіргі уақытта, көрсетілген іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2т.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарын және Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты тұлғаларды анықтау
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқарма басшысының м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 22-ө бұйрығымен жоспардың орындалуына жауапты тұлға ретінде басқарма қызметін және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д.Д.Нұранова бекітілді. 2016 жылы Д.Д.Нұранованың басқа лауазымға ауысуына байланысты көрсетілген бұйрыққа өзгерістер еңгізілді.
6т.
Өз қатарларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі түрде талдау жүргізу (өздеріне тексеру) және оларды болдырмау бойынша шаралар алу
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасымен 2017 жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданған болатын.
10т.
Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу және олардың қорытындылары бойынша ұсыныстар енгізу
Басқармамен Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізіліп, нәтижесі бойынша ақпарат Басқарманың сайтына орналастырылуда.
11т.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығы мен этика нормаларын бұзудың алдын алу бөлігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен (келісім бойынша) өзара іс-қимылды жандандыру
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9 – бабында cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі екендігі көрсетілген.
Осы бағытта, 2017 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
12т.
БАҚ және/немесе мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын іске асыру жөніндегі есептерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы жариялап тұру жөнінде шаралар қабылдау
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша басқарманың www.goszakup.aktobe.gov.kz сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарауы орналастырылған.
Тарауда сыбайлас жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлық фактілері және этика нормаларының бұзылуы туралы қалай хабарласуға болатындығы туралы ақпарат орналастырылған.
Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылуда.
13т.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша 2015-2017 жылдарға арналған медиа жоспар әзірлеу
2015 жылдың қыркүйек айында Басқармада 2015-2017 жылдарға арналған Медиа жоспары бекітілген. Аталған жоспардың орындалу бойынша жұмыстар Басқармамен жүргізілуде.
Осыған орай, Басқармамен жемқорлыққа қарсы мақала 2017 жылғы 25 ақпандағы № 23 «Актюбинский вестник» газетінде жарияланғандығын хабарлаймыз.
14т.
Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында және/немесе әлеуметтік желілерде тұрғындарға қолжетімді нысанда мемлекеттік органдардың салалық мәселелері бойынша мақалалар (анықтамалар, рұқсатнамалар алу, қалай жолығуға болатындығы, салықты қалай төлеуге болатындығы туралы және т.б) орналастырылатын парақтар ашуды қамтамасыз ету
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды немесе облыс Әкімдігімен айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында өткізу функцияларын іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сонымен бірге мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсау.
2015 жылдың қараша айында Басқарманың www.goszakup.aktobe.gov.kz сайты қосылды.
Сайтты пайдаланушылар өздерінің ұсыныстарын және қызықтыратын сұрақтарын орналастыра алады, сонымен қатар сұрақтар мен ұсыныстар қаралып, тиісті жауаптар берілетін болады. Сонымен қатар, сайтта бір неше тараулар бар, олар: нормативтік құқықтық актілер, кадр саясаты бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және тағы басқа мәліметтер орналастырылған.
15т.
Сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқықтық ақпараттарға тұрғындардың жан-жақты қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бөлімдеріне тұрақты кіруін және оларды жаңғыртып отыруды қамтамасыз ету
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы белгілі жұмыс жүргізілуде.
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқарма басшысының м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 22-ө бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен бірге, Басқарманың сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған материалдар, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіретін мақалалар жарияланып тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықты құқықтық ақпараттандыру мақсатында, Басқарманың www.goszakup.aktobe.gov.kz сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты бөлімі жұмыс жасауда.
21т.
Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық (БАҚ, интернет ресурс) ашықтығын қамтамасыз ету
Басқарманың қызмет ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді алу ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Осы, Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы жоспар, сонымен қатар жасалған келісім-шарттар мемлекеттік сатып алудың веб порталында орналастырылады.
25т.
«Начни с себя – Өзіңнен баста» атты республикалық акцияға қатысу
«Начни с себя – Өзіңнен баста» атты республикалық акцияға қатысу мақсатында Басқарманың www.goszakup.aktobe.gov.kz сайтында басқарма басшысының табысы мен мүлкі туралы ақпарат орналастырылатындығын хабарлаймыз.
26т.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және олардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндерін өткізу
2017 жылдың мамыр 22 -23 аралығында Басқармамен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндері» атты акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты: азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және олардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру. Онда тілек білдірушілер кажетті сұрақтарды қою мүмкіндігі болған. Өткізу барысында тілек білдірушілер болған жоқ.
27т.
«Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған жәшіктердің оңтайлы тәжірибесін кеңейту
Басқарманың лауазымды қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы азаматтардың арыз шағымдары салынатын арнайы жәшігі орнатылған және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін «54-05-92» сенім телефоны қондырылған.
39т.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күрес ықпалдасуының проблемалары» тақырыбына әртүрлі құрылымдар мен ведомстволардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықты құқықтық ақпараттандыру мақсатында, Басқарманың сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарауы орналастырылған.
Тарауда сыбайлас жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлық фактілері және этика нормаларының бұзылуы туралы қалай хабарласуға болатындығы туралы ақпараттар орналастырылған. Сонымен бірге, өткізілген барлық іс-шаралар Басқарманың сайтында орналастырылды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі халықтың құқықтық мәдениетін көтеру.
Осыған орай, облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау және түсіндіру мақсатында, Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-мен бірге Ақтөбе қаласында 2017 жылдың 13-18 ақпан аралығында мемлекеттік сатып алу қатысушылары үшін оқыту семинарларын өткізді. Барлығы 148 адам қатысты.
Айта кету керек, «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-і енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша бірыңғай оператор болып анықталған.
Лектор ретінде ҚР Қаржы Министрлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасы Департаментінің мемлекеттік сатып алу әдіснамасы Басқармасының басшысы Тәшенев Шыңғыс Саятұлы, сондай-ақ «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-ің бизнес-жаттықтырушысы Ильясова Рабиға Аргиновна шақырылды.
Сонымен қатар, аталған семинарда облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі Урынбаев Серік Шангереевич 2016 жылғы аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын және бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстарды айтып өтті.
Өткізілген семинардың басты мақсаты, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде туындайтын барлық мәселелі сұрақтарды кеңінен қамту, сондай-ақ осы сала мамандарының біліктілік деңгейін арттыру болды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
45т.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу, соның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу ашықтығын жоғарлату жөнінде семинарлар өткізуді ұйымдастыру