Ботакөздің еңбекқорлығы

Мысалыға, мониторинг және мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің бас маманы Есниязова Ботагоздің 2016 жыл бойы бөлім басшысының функцияларын атқаруға тура келді. Бұл уақыт аралығында басқарма білім, инжинерлік жүйе, құрылыс және автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары, су құбырларының жүйесін өзгерту бойынша 17 объектінің конкурстарын уақытылы және сапалы түрде жүргізді. Тәжірибелі маман ретінде мемлекеттік органның қабылдаған шешімдері мен қызметін қорғау мақсатында сот процестеріне қатысып, заңнамаларды жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсыныстар береді.
Ботагөз үлкен еңбекқорлығымен және біліктілігімен ерекшеленеді. Адал, тәртіпті, жанындағы адамдарға ұқыптылықпен қарайды. Күнделікті тұрмыста іскерлік этика нормаларын қатаң сақтайды. Өзіне қатысты айтылған сындарды жақсы қабылдайды. Жұмыс барысында туындаған кемшіліктерді бірден жоюға тырысады.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда өзінің бастамасымен демалыс күндері де жұмысқа шығуға дайын тұратындығын басшылық бағалайды. Мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша консультация беру оның құзіретіне кірмейтіндігіне қарамастан, облыстық басқармалардан, аудан және қала әкімдіктерінен консультация алу үшін үнемі жүгінеді. Бұл оның қайырымдылығы мен біліктілігінің дәлелі.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің түлегі өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсете білді. Үлкен көлемдегі жұмыстарды уақытылы орындайды және облыстың мемлекеттік сатып алуларын уақытылы және сапалы орындайды. Оның атқарған жұмыс көлемі оның білікті маман екендігін дәлелдейді. Ол өзінің жұмыс жолын нотариус көмекшісі болып бастады, содан кейін Хобда аудандық білім бөлімінде, Ақтөбе қалалық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде заңгер болып қызмет атқарған.