Дөңгелек үстел

Баяндамамен Ақтөбе облысының МАЭС судьясы А.А. Имантаева сөйледі. Өз баяндамасыда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 270-бабымен қарастырылған тәртіпте шығарылатын жеке ұйғарым заңдылық бұзылған жағдай анықталған кезде соттың шығаратын актісі екендігін атап өтті. Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотымен 2016 жылы 21 жеке ұйғарым шығарылған, ал 2017 жылдың І жартыжылдығында – 26, оның ішінде 24 немесе 92,3% мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар бойынша шығарылғандығы жөнінде статистикалық мәліметтер ұсынды.
Заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Дөңгелек үстел барысында сот судьялары және шақырылғандар осы мәселеге байланысты туындайтын қиындықтар мен түсініспеушіліктерді талқылады. Ал іс-шараның соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға аталмыш тақырыпқа деген қызығушылықтары мен келгендері үшін алғысын білдірді.