Басқарма қызметкерлерінің "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық Көрмесінің баруы

2017 жылдың 10 маусымында 100-ге жуық ел мен 10 халықаралық ұйымдар қатысатын «Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған Көрме ашылды.
ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы-«Болашақ энергиясы». Ол планетаға одан сайын көп әсер ететін энергияны тұтынудың мәселесін халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын байқатады.
ЭКСПО-2017 Көрмесі-Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды жобасы. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің өткізілетін жері Астана болып көрмелердің Халықаралық бюро мүше – 161 ел өкілдерінің жасырын дауыс беру жолымен Көрмелердің Халықаралық бюросының 152-ші Генералды Ассамблеясының кезінде 2012 жылы 22 қараша күні айқындалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдаған. Болашақ көрме елдің барлық аумақтары қатысатын нағыз ұлттық жобаға айналған.
Көрмелік аймақта Қазақстанның Ұлттық Павильоны, Халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда ойын-сауық нысандары орналасқан.
ЭКСПО-ның басты ғимараты – бұл ең алдыңғы технлогияларды қолданумен сфера күйінде салынған Қазақстанның Ұлттық павильоны. «Сфера» басты нысанында ойластырылған футуристикалық дизайнды бұзбай, электроэнергияны өндіруге мүмкіндік беретін жаңа фотоэлектрикалық технологиялар қолданған.
2017 жылдың 28 маусым мен 4 шілде күндері Ақтөбе облысы әкімдігі «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері М.А.Асанова және Д.Д.Даулетбаев «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесіне қатысты.
Олар алғашқылардың бірі болып павильондарды көріп, көптеген жағымды эмоцияларды алған. «НұрӘлем» казақстандық павильон оларға ерекше әсер етті.
Басқарма қызметкерлері өз әсерлерімен бөлісті: «ЭКСПО-2017 қатысу-біз үшін үлкен қуаныш. Бұл біздің ел бір жылдан артық дайындалған ауқымды жоба. Павильонның әрқайсысы қызықты, болашақ энергиясының көрсетілген өнертабыстары әсерлі және маңызды. Бәрінен бұрын бізге «НұрӘлем» ұлттық павильоны ұнады».
«Астана ЭКСПО-2017» Орталық Азия аймағында мұндай көрме алғашқы болып, елдің имиджін, оның экономикалық және туристтік әлеуетін көтерді.
Мұндай ауқымды іс-шараның өткізілуі кіші және орта бизнестің дамуына жаңа елеулі импульс берді. Көрме оның нысандарының құрылысына және ел орда инфрақұрылымына елеулі жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді.