Түсіндірме іс-шаралар

Түсіндірме іс-шаралар
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуын талдау және сыртқы бағалау бойынша арнайы мониторингтік топтың мәжілісі өтті.
Осы шара бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы өткізіліп, Агенттіктің аумақтық департаменттері және арнайы мониторингтік топтың аймақтық мүшелері, азаматтық қоғамның өкілдері қосылды.
Сонымен бірге, Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы да осы шараға қатысты.
Осылайша, Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспар жобасына толық тоқталған Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С. Муксимов құжат жобасын әзірлеу кезінде үш жыл ішінде жинақталған жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді іске асырудағы тетіктердің ескерілгенін айтты.
Жоспар жобасында ЭЫДҰ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық баяндамасының ұсынымдарынан туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жүйесін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.
Агенттікпен қосымша іс-шараларды әзірлеу, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында, жоспар жобасын талқылау мәселелері бойынша еліміздің барлық облыстарында ағымдағы жылдың қыркүйек айында семинарлар, дөңгелек үстел және т.б. отырыстарды өткізу тапсырмалар берілді.
Осы тапсырмаларды орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкіліменкездесу өткізіліп, Жоспар жобасының негізгі бағыттары қаралды.