Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ

Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 2018 жылдың 6 айдағы ақпараты
Мемлекеттік сатып алулар басқармасында тұрақты түрде басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстары, ҚР «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңындағы шектеулер мен талаптар, негізгі ережелердің сақталуы, жалпы қабылданған этика нормалары мен мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстары жүрізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері басқарманың жиналыстары мен кеңестерінде үнемі қаралады. Сондай-ақ, 2018 жылдың 21 ақпанында Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі Ә.Б. Жұмамуратова және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.М. Алдашев қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының 10 басты міндеттері талқыланды.
Кездесу барысында Елбасы жолдауының тоғызыншы міндетіне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажеттілігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік түрлері түсіндірді.
Сонымен қатар тұрақты түрде мемлекеттік қызметкелердің этикасы мен имиджінің сақталуы туралы жұмыстар жүргізіледі. Басқарма фойесінде мемлекеттік қызметкерлердің этикасы бойынша стенд орналастырылған, азаматтардың атынан басқарманың мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық нормалары сақталмаса, өздерінің шағымдары мен ұсыныстарын жазуларына мүмкіншілік бар, алайда азаматтардың тарапынан басқарманың мемлекеттік қызметкерлеріне шағым түспеген.
Басқарманың лауазымды тұлғаларының қызметтік этика нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін орнатылған сенім телефонына хабарласуларыңызға болады (т. 54-05-98).
Сонымен қатар, басқарманың қабылдау бөлімінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне арналған сенім жәшігі орналастырылды.
Қызмет ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында басқармамен 2015 жылдың қазан айында (www.goszakup.aktobe.gov.kz) веб – сайты құрылды, онда барлық қалаушылар басқарма туралы қажетті ақпараттармен, ережелермен, нұсқаулықтармен танысып, өздерін сұрақтарын қоя алады.
Сонымен қатар, ықпал ететін маңызды факторлардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңнамасын іске асыру болып табылады.
Осы мәселеге ерекше назар аударылып, тұрақты түрде басқарма мамандары азаматтардан түскен өтініштерді қарап, бақылау жүргізіп отырады. Азаматтардан түскен өтініштермен, шағымдармен басқарманың барлық бөлімдері жұмыс жасайды.
Осы бағытта жұмыстар әрі қарай жүргізілуде.
Добавлено: 
19.06.2018 - 05:00
Последние изменения: 
19.06.2018 - 05:00