14-15 ақпан күндері мемлекеттік сатып алулар мамандарына арналған оқыту-семинары өтті

2020 жылдың 1 ақпанынан бастап, Мемлекеттік сатып алулар Ережелеріне және Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №521, 29 шілдедегі №798 бұйрықтарына енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген болатын.
Осыған орай, қабылданған жаңа құқық актілерімен танысу, құқықтық сауаттылықты арттыру, бюджет қаражатын тиімді және уақтылы игеру, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, Ақтөбе облысына ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы әдіснамасы басқармасының басшысы Ерлан Ғалымұлы Сейтовтың және «Электрондық қаржы орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен оқыту семинарлары өткізілді.