Бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне арналған семинар жиналысы

Қаржы министрлігінің министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 92 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістеріне байланысты, 2020 жылдың 10 ақпанында Басқарманың тауарлардың мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің басшысы Салтанат Төрежанқызы Ильясова мен Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшылығының біріккен ұйымдастырылуымен жоспарланған бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне арналған семинар жиналысы өткізілді.